10 тамызда Жастар күніне орай Қарасу аудандық кітапханасында «Жастар қалауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды . Онда заманауи авторлардың көркем әдебиеті ұсынылды. Көрменің басты мақсаты жастарға шығарманы саналы түрде таңдауға, оқуға және кітапқа деген қызығушылықты оятуға көмектесу болды. Жастар ұсынылған кітап басылымдарымен үлкен қызығушылықпен танысты.