13.02.2023 жылы Қарасу аудандық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына орай іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қарасу жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Балалар Ауғанстан туралы ақпаратты тыңдап, Ауған соғысының батырлары туралы бейнеролик көрді. Кітапханашылар Е. С. Самарских пен Г.Е. Дускеева балаларды Ауғанстан туралы кітаптар көрмесімен таныстырды.